Олимпиада-2018. Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков біліктілік кезеңінен өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада-2018. Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков біліктілік кезеңінен өтті

09.02.2018

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында фристайлдан (Могул. Ерлер. Іріктеу кезеңі) жарыс кезінде қазақстандық спортшылар біліктілік кезеңінен өтті. Павел Колмаков 79.98 ұпаймен 6-орыннан көрінсе, Дмитрий Рейхерд 81.23 ұпаймен 3-орынға жайғасты.

Бұған дейін спорттың бұл түрінен әйелдер арасында Юлия Галышева (76.36) мен Аяулым Әмренованың (52.78) өнер көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын бүгін Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат  16:50-де тамашалай аласыздар!

Хабарламаларға жазылу