Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов Мақсат Исағабыловты таза жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов Мақсат Исағабыловты таза жеңді

02.07.2017

Оныншы жұп - маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов пен қызылордалық Мақсат Исағабылов. Нұрдәулет Жарылғапов - аса ауыр салмақты палуандардың бірі (135 кг). Турнирге 2015 жылдан бері қатысып келеді. Лақап аты – «Қара бура»

Қызылордалық палуан Мақсат Исағабылов жарысқа тұңғыш рет қатысуда. Лақап аты – «Сыр барысы». 

Айта кеткен жөн, биылғы «Қазақстан барысына» Қызылорда облысының үш бірдей палуаны қатысып отыр.

Белдесуде маңғыстаулық палуан басым түсті. Енді Нұрдәулет Жарылғапов  8/1 финалда Еламан Ерғалиевпен кездеседі. 

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу