Алматыда бокстан халықаралық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бокстан халықаралық турнир өтті

10.10.2017

Алматыда Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай бокстан қыздар мен балалар арасында халықаралық турнир өтті. «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы ұйымдастырған жарысқа 100-ден аса жасөспірім қатысты. Елдің әр қиырынан келген жас боксшылар төрт күн бойы 20 салмақ дәрежесі бойынша жұдырықтасты. Сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктерінен де спортшылар келген. Енді осы жарыста топ жарған жастар Ұлттық құрамаға жолдама алып, спорт шебері атағын қорғамақшы.  

Асқар Омарқұлов, «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары: 

- Өтіп жатқан балалар мен қыздарды біздің Қазақстан Республикасының құрама командасынан көреміз деп ойлаймын. Алдағы Олимпиадаға қатысатын балалар осындай жарыстардан шығады.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу