Алматыда сарбаздар арасында бокстан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сарбаздар арасында бокстан турнир өтті

21.05.2018

Алматыда ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері топтары арасында бокстан V ашық турнир өтті. Оған жас әуесқой боксшылар қатысты.

Сарбаздар арасынан 12 топ құрылып, сегіз салмақ дәрежесінде 96 ең мықты боксшы бақ сынады. Турнир халықаралық бокс ережелеріне сай ұйымдастырылды. Бұл сайыс әскери спортшылар арасында бесінші жыл өтіп жатыр. «Шара әскерилер арасындағы жас спортшылардың деңгейін көтеріп, сарбаздардың жан-жақты болуына сеп», - дейді мамандар. 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу