«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы атанды

15.07.2017
«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы атанды

Бүкіләлемдік бокс сериясының жетінші маусымының финалында «Астана арландары» «Куба қабыландарына» қарсы шаршы алаңға шықты. Тартысты өткен кездесуде 6:5 есебімен қазақстандық команда жеңіске жетті.

Жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов пен 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Олжас Сәттібаев ұпай санымен жеңіске жетті. Алайда, бұдан кейін «Куба қабыландары» қатарынан бес жекпе-жекті ұтып, жеңімпаз атануға бір қадам жақын қалған еді. Ауыр салмақтағы Антон Пинчук Эрисланди Савоннан ұтылып қалса, 64 келідегі Ділмұрат Мижитов Энди Крузға жол берді.ал, 75 келі салмақтағы Әбілхан Аманқұл Олимпиада чемпионы Арлен Лопеске есе жіберді. 81 келідегі Арман Рысбек тағы бір Олимпиада чемпионы Хулио Ла Крустың осал тұсын таба алмады. 52 келіде Олжас Сәттібаев Йосвани Вейтиадан жеңіліп қалды.

Артынша аса ауыр салмақтағы Олжас Боқаев пен 60 келідегі Зәкір Сафиуллин кубалық қарсыластарын соққының астына алып, арадағы есеп айырмасын қысқартты. 

Ал, қосымша 11-ші жекпе-жекте 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Олжас Байниязов пен Фрэнк Залдивар қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы өз қарсыласынан басым түсіп, «Астана арландарына» жеңіс сыйлады.

Хабарламаларға жазылу