Астанадағы финалдық кездесу: Антон Пинчук кубалық боксшыға есе жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы финалдық кездесу: Антон Пинчук кубалық боксшыға есе жіберді

15.07.2017
Астанадағы финалдық кездесу: Антон Пинчук кубалық боксшыға есе жіберді

Елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясының 7-ші маусымының шешуші айқастары өтуде.

91 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан Антон Пинчук пен  Эрисланди Савонның арасындағы  жекпе-жек барынша тартысты өтіп, төрешілердің шешімімен кубалық қабылан жеңіске жетті.

Бұған дейін алғашқы жекпе-жекте Теміртас Жүсіпов пен Йоханус Аргилагос кездесіп, қазақ боксшысының жеңіске жеткенін хабарлаған едік.

Айта кетерлігі, Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана арландары» 2012/2013 жылдары және 2015 жылы екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізген болса, «Куба қабылдандары» 2013/2014 жылдары және 2016 жылы жеңімпаз атанды.

inform.kz


 

Хабарламаларға жазылу