Том Леффлер: Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы үздік боксшы атанып, супержұлдыздық мәртебесін нығайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Том Леффлер: Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы үздік боксшы атанып, супержұлдыздық мәртебесін нығайтады

18.01.2017
Том Леффлер: Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазы орта салмақтағы үздік боксшы атанып, супержұлдыздық мәртебесін нығайтады

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО)  промоутері Том Леффлер американдық боксшы  Дэниэл Джейкобсқа (32-1, 29 КО) қарсы жекпе-жекті ұйымдастыру үшін біршама тер төккенін айтты.

Алғашында жекпе-жек өткен жылдың желтоқсанында өтуі керек болатын. Бірақ, тараптар келісімге келе алмай, жекпе-жекті 2017 жылдың басына шегерді. Енді боксшылардың жұдырықтасуы 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы «Madison Square Garden» аренасында өтеді.

«Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс атқарылды. Екі боксшы да үздік екекндерін дәлелдегісі келеді, жекпе-жектің жңімпазы шынымен орта салмақтағы үздік боксшы атанып, супержұлдыздық мәртебесін нығайтады. Жекпе-жектің болатынын жария еткеннен кейін жанкүйерлер мен БАҚ реакциясы керемет болды», - деді Леффлер.

vesti.kz

Хабарламаларға жазылу