Боксшы Біржан Жақыпов Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боксшы Біржан Жақыпов Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары болып тағайындалды

16.01.2017
Боксшы Біржан Жақыпов Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары болып тағайындалды

Бокстан Әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Біржан Жақыпов Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Тағабай Қасымов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Бокс деген өнерде ел намысын ту еткен азамат Біржан Жақыпов ұлдарыңыз қызметке кірісіп жатқан жағдайы бар. Оны өз аузынан естідік. Шымкент қалалық бокс мектебі директорының орынбасары болып тағайындалыпты. Қуандық. Қолын қысып, құттықтадық. Он жылдан аса ұлттық құрамада тер төккен азаматтың қазаққа сыйлаған жақсылығы көп. Бәрін тізіп шыққымыз жоқ. Өзіміз білер жайды жазбасқа болмас», деп жазды Тағабай Қасымов.

Хабарламаларға жазылу