Хаби Алонсо мен Филипп Лам футболшы мансабын аяқтамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хаби Алонсо мен Филипп Лам футболшы мансабын аяқтамақ

20.01.2017
Хаби Алонсо мен Филипп Лам футболшы мансабын аяқтамақ

«Бавария» командасының сапында ойнайтын қос бірдей Әлем чемпионы Филипп Лам мен Хаби Алонсо биыл мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.

«Баварияның» мектебінен түлеп шығып, ұзақ жылдар бойы осы ұжымда өнер көрсеткен Филипп Лам маусым аяқталғаннан кейін спорт директоры қызметін атқаруы мүмкін. Мұнда ол 2002 жылы негізгі командада алғашқы дебюттік матчын өткізген. Алайда, келесі жылы Бундеслигадағы «Штутгартқа» ауысып, 2005 жылы қайта оралған.

паавпвап

Өз мансабында Лам сегіз мәрте ел чемпионы атанып, 7 рет Германия кубогын жеңіп алған. 2013 жылы Чемпиондар лигасында топ жарса, 2014 жылы ұлттық құрамасымен Әлем чемпионы атанған.

Сонымен қатар, 35 жастағы жартылай қорғаушы Хаби Алонсо да футболдан кету туралы шешімге келді. Кәсіби деңгейде ол 1999 жылы «Реал Сосьедад» клубында алғашқы ойынын өткізген. Бұдан кейін Англияның «Ливерпуль», Испанияның «Реал» ұжымдарында ойнаған.

птатпаап

18 жыл мансабында екі мәрте Чемпиондар лигасын, бір рет Англия кубогын, Испания, Германия чемпионаттарын жеңіп алса, Испания құрамасымен 2008, 2012 жылдары Еуропа чемпионы және 2010 жылы Әлем чемпионы атанған.

Bild.

Хабарламаларға жазылу