«Kazsport» телеарнасы «Барселона» - «Эспаньол» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы «Барселона» - «Эспаньол» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

17.12.2016
«Kazsport» телеарнасы «Барселона» - «Эспаньол» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Желтоқсанның 18-інен 19-ына ауған түні футболдан Испания чемпионатының 16-туры аясында каталониялық дерби өтеді. «Барселона» өз алаңында  «Эспаньолға» қарсы ойнайды. Бұл матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Каталониялық грандтың фаворит екені анық. «Барселона» негізгі қарсыласы «Реалдан» одан сайын қалып қалмау үшін бұл ойында жеңіске жетуі тиіс. Луис Энрике шәкірттері 8 матч қатарынан жеңіліс танымауда. Бірақ, олар өз алаңында өткізген соңғы алты кездесудің екеуінде ғана жеңіске жетіп, мүмкін 18 ұпайдың тек 9 ғана иеленген.

Ал, «Эспаньол»  бұл кездесу алдында турнирлік кестеде 9 орында тұр. Олар чемпионаттағы соңғы 9 турда жеңілмей келеді. Кике Санчес Флоретің клубы 4 матч қатарынан өз қақпасына гол жібермеуде.

Соңғы каталониялық дербиде «Барселона» өз алаңында «Эспаньолды» 5:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Барселона» - «Эспаньол» кездесуін тікелей эфирде «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар. Трансляция басталуы 01:35-те. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайтында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу