Сарыкемерлік азамат ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыкемерлік азамат ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

17.02.2015
Сарыкемерлік азамат ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр

Еңбекқор жанды қай кезде де алға ұмтылдырып, тірлігін өрге бастыратын - нартәуекел. Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында тұратын Төребек Көлбаевты жеке кәсіп ашуға итермелеген бойындағы осындай  күш. 

Мамандығы механик жігіт ағасы техникалық қызмет көрсету орталығын ашып, бүгінде бірнеше адамның еңбекпен табыс табуына мүмкіндік жасап отыр.

Техникалық орталықта дәнекерлеу, автокөліктердің майысқан қаңқасын және моторын жөндейтін арнайы орындар бар.

Мұнда Төребектің өзінен басқа тағы сегіз адам жұмыс істейді. Епті жігіттің кәсібінің өркендеуіне мемлекет те барынша қарайласты.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу