Меценаттар Президент айтқан «Қазақстан халқына» қорына қаржы жинауға әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меценаттар Президент айтқан «Қазақстан халқына» қорына қаржы жинауға әзір

12.01.2022

Қостанайдағы ірі ауылшаруашылығы құрылымдары «Қазақстан халқы» қорының құрылуын дұрыс шешім деп есептейді. Егін салып мал өсіретіндіктен мұндай кәсіпорындар негізінен ауылдық елді-мекен тұрғындарын жұмыспен қамтып, тұрмыстық тұрақтылықты сақтауға сеп болып отыр. Мысалы мыңдаған адам еңбек ететін «Олжа агро» кәсіпорны биыл тұрғындарға көмек ретінде 37 мың тонна жем-шөп таратқан. Бұл ақшаға шаққанда 1 млрд 200 млн теңгеге жетеді. Сонымен қатар құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстауға 32 млн теңгенің мал азығын жіберді. Сондай-ақ ауылдардағы әлеуметтік нысандарды жөндеп, спорт нысандарын жабдықтауға да белсене атсалысады.

Айбарбек Ходжаназаров, «Олжа Агро» ЖШС бас директоры:

Осы қорды құру дұрыс деп ойлаймыз. Қолдау керек. Себебі Президент айтып кеткендей елімізде аса бай адамдар бар. Олардың Қазақстан халқына қолдау көрсетуге мүмкіндіктері бар деп есептеймін. Біздің мекемені айтсақ, біз жыл сайын үлкен көмек көрсетеміз ауыл тұрғындарына.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу