Бильбаоның «Атлетигі» «Вильярреалмен» кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бильбаоның «Атлетигі» «Вильярреалмен» кездеседі

20.11.2016
Бильбаоның «Атлетигі» «Вильярреалмен» кездеседі

Қарашаның 20-сынан 21-іне ауған түні футболдан Испания чемпионатының 12-ші туры аясында Бильбаоның «Атлетигі» «Вильярреал» футбол клубымен кездеседі. Матч басктік ұжымның «Сан-Мамес» стадионында өтеді. 

«Атлетик» турнирлік кестеде 7-ші сатыда тұр, олар осы маусымда еуропалық турнирлер зонасы үшін талас жүргізбек. Бұл өз алаңында сенімді әрі жинақы ойнайды. «Сан-Мамес» стадионында 5 ойын өткізіп, тек «Барселонаға» ғана есе жіберген. Маусымда қарсыластар қақпасына 5 гол салып үлгерген Ариц Адурис - «Атлетиктің» ең басты қаруы.

«Сары субмарина» испаниялық футбол грандтарының артынан қалмай келе жатыр. Бірақ, олар сырт алаңда тек бір ойында ғана  жеңіске жеткен болатын. «Вильярреалдың» басты қаруы - чемпионатта 5 гол және 1 нәтижелі паспен ерекшеленген итальяндық шабуылшы Никола Сансоне.

Матчты «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар. Трансляцияның басталуы қарашаның 20-сынан 21-іне ауған түні сағат 01:45-те. Сондай-ақ, kazsport.kaztrk.kz сайттында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу