Астанада Сидхарт Шукхла көрермендермен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Сидхарт Шукхла көрермендермен кездеседі

27.02.2015
Астанада Сидхарт Шукхла көрермендермен кездеседі

28 ақпан күні Астанаға «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіліп жатқан «Келін» телехикаясының актері Сидхарт Шукхла көрермендермен кездеседі. Айта кету керек, Сидхарт «Келіндегі» басты кейіпкер Анандидің күйеуі Шивтің рөлін сомдайды.

Көптеген көрермендердің көңіл түкпірінен сабырлы әрі салиқалы мінезімен орын алған Сидхарт елімізге анасы әрі агенті Рита Шукхламен бірге келмек.

Жанкүйерлермен кездесу 28 ақпан сағат 15.00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.

Сонымен қатар, бұрын хабарлағанымыздай, бұл күні «Жұлдызбен кешкі ас» атты кеш ұйымдастырылмақ. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның веб-порталындағы викториналық сұрақтардың жеңімпазы  Астананың көрікті мейрамханаларының бірінде Сидхарт Шукхламен кездесуге мүмкіндік алады.

Хабарламаларға жазылу