Еуропа лигасы. «Kazsport» телеарнасы «Лион»-«Рома» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа лигасы. «Kazsport» телеарнасы «Лион»-«Рома» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

09.03.2017
Еуропа лигасы. «Kazsport» телеарнасы «Лион»-«Рома» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін түнде, наурыздың 9-ынан 10-ына өтетін түні УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өтеді. Бұл еуропалық турнир аясында франциялық «Лион» «Люмьер» стадионында италиялық «Романы» қабылдайды. Франциялық клуб пен Лучано Спаллетти жаттықтыратын римдік команда арасындағы ойынды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 01:55-те.

Екі ұжымда қазіргі уақытта керемет өнер көрсетіп, нәтижелі ойынмен көзге түсуде. Осы кездесуде көп голдың куәсі болуымыз ықтимал.

Еуропа лигасының 1/16 финалында «Лион» голландиялық «АЗ»-ны сырт алаңда 4:1, өз стадионында 7:1 есебімен екі рет ойсырата жеңген болатын. Ал, «мәңгілік қала» футболшылары бұл кезеңде испаниялық «Вильярреалмен» ойнады: сырт алаңда 4:0 есебімен жеңсе, «Стадио Олимпикода» 0:1 есебімен есе жіберген еді.

«Kazsport» телеарнасы бұл футбол додасы аясында өтетін «Ростов» - «Манчестер Юнайтед» кездесуін  де тікелей эфирде көрсетеді.  Ал, «Сельта»-«Краснодар», «Олимпиакос»-«Бешикташ» ойындары жазба түрінде көрсетілуге жоспарланған.

Наурыздың 9-ынан 10-ына өтетін түні

«Ростов» - «Манчестер Юнайтед»  23:50 LIVE

«Лион»-«Рома» 01:55 LIVE

Хабарламаларға жазылу