Еуропа Лигасы: «Ордабасы» клубы сырт алаңда «Чукарички» командасынан 0:3 есебімен ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы: «Ордабасы» клубы сырт алаңда «Чукарички» командасынан 0:3 есебімен ұтылды

01.07.2016
Еуропа Лигасы: «Ордабасы» клубы сырт алаңда «Чукарички» командасынан 0:3 есебімен ұтылды

Бүгін Сербия астанасы Белградта Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында жергілікті «Чукарички» командасы шымкенттік «Ордабасы» клубын қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның небәрі 2-ші минутында «Чукарички» командасы «Ордабасы» клубының қапқапасына 11 метірлік айып добынан гол соға алмады.  Ал, 29-шы минутта «Ордабасы» клубының капитаны Мұхтар Мұхтаров қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілді.

Екінші таймды алаң иелері шабуылмен бастап, 49-шы минутта есеп ашты. Араға 3 минут салып Асмир Каевич есепті 2:0-ге жеткізді. Ал, матчтың 68-ші минутында «Чукарички» клубының футболшысы ойындағы үшінші голды соғып, құрамасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 3:0.

Айта кетейік, «Kazsport» телеарнасы 7 шілдеде Шымкентте өтетін қарымта ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу