Бүгін «Арсенал» - Ливерпуль» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Арсенал» - Ливерпуль» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

24.08.2015
Бүгін «Арсенал» - Ливерпуль» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Премьер лиганың екі турында «Арсенал» клубы 3 ұпай жинады. Алғашқы турда өз алаңында «Вест Хэм» клубынан 2:0 есебімен ұтылса, екінші турда сырт алаңда «Кристал Пэласті» 2:1 есебімен ұтқан. «Арсенал» 3 ұпаймен турнир кестесінде 13 орында келеді.

Ал, мерсесайдтық команда бірінші турда сырт алаңда «Сток Сити» клубын 1:0 есебімен жеңсе, екінші турда өз алаңдарында дәл осындай есеппен «Борнмут» клубын ұтқан. «Ливерпуль» клубы 6 ұпаймен турнир кестесінде 5-орында келеді.

Айта кетейік, АПЛ аясындағы «Арсенал» - «Ливерпуль» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 00:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу