Қарағандыда Астана күніне орай «Шеберлер қалашығы» фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда Астана күніне орай «Шеберлер қалашығы» фестивалі өтуде

06.07.2018

Астананың 20 жылдық мерейтойын еліміздің барлық өңірлері кең көлемде атап өтуде. Айталық, кеншілер шаһары Қарағандыда ерекше шара ұйымдастырылған. Дәл қазір «Шеберлер қалашығы» фестивалінде жүрген тілшіміз Руслан Нұрланұлы бізбен байланысқа шығады.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

Мереке құтты болсын! Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойына  орай Қарағандыда «Шеберлер қалашығы» деген атпен  фестиваль өтіп жатыр. Шараға аула клубтары, суретшілер, фотосуретшілер, ағаш , тері, жүн,  балшық және басқа да шикізаттардан бұйымдар жасайтын нағыз хас шеберлер қатысуда.   Олар өздерінің жасаған қолөнер туындыларын көрмеге қоюмен ғана шектелмеген. Жұртшылық арасынан үйренуге ынта білдіргендерге шеберлік сабақтарын да өткізуде.

Анар Аманжолова, аула клубының жетекшісі:

Аула клубтары балалармен қандай жұмыстар жүргізеді, соны осы жерде кез келген адамға көрсетіп бере алады. Мына жерде біздің шеберлер отыр.

Мерекеге жиналған жұрттың көңіл-күйі тамаша.

Дарын Қалиахметов, қала тұрғыны:

Астананы 20 жылдығымен құттықтаймын! Мен Астанаға бардым, жас қала, бас қала.

Сондай-ақ, бүгін мерекеге орай қаладағы орталық демалыс саябағында концерт ұйымдастырылған. Оған жергілікті өнерпаздар, шығармашылық ұжымдар және эстрада жұлдыздары қатысуда. Ән кешінің соңы мерекелік отшашуға ұласады.

Жалпы, облысымыздағы барлық қала мен аудандарында бүгін Елорданың 20 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілуде. Иә, Астана осы 20 жыл ішінде әлем таныған әсем қалаға айналды. Оның гүлденіп дамуына қарағандылықтардың да қосқан үлесі зор.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу