Астанада мұз қалашығы бой көтерді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мұз қалашығы бой көтерді (ВИДЕО)

01.12.2015
Астанада мұз қалашығы бой көтерді (ВИДЕО)

Мұздан жасалған  түрлі мүсін қала көркіне көрік қосып, бала біткенді қол бұлғап шақырып тұрғандай. Мұз қалашығы 20 күннің ішінде салынып бітті. Астанада соңғы бір аптадағы  күннің жылынуы құрылыс жұмыстарына кері әсерін тигізді, дейді шеберлер. Дегенмен, олар жаңа кешеннің жұмысын уақытында аяқтады.

Мұз мүсіндер орналасқан аумақтың көлемі 2 мың шаршы метрге жетеді. Айта кету керек, бас қалада мұндай алаңның тағы үшеуі салынады. Олар – Есіл өзенінің жағалауында, Тәуелсіздік монументі мен қалалық әкімдік ғимаратының жанында орналасады.

Мұз мүсіндерді жасауға 200 шебер тартылған. Қытайдан арнайы 70 маман шақыртылған. Қалашық бүгін Тұңғыш Президент күніне орай ашылмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу