Жамбыл жастары Астананың мерейтойына тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл жастары Астананың мерейтойына тарту жасады

13.04.2018

Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап Елордаға жамбылдық жастар сәлем жолдады. Арнайы флеш-моб өткізген Астананың төл құрдастары биден шашу шашты. 

Бұл іс-шараның «Қазақ хандығының - 550» жылдығына арналған монумент алдында ұйымдастырылуы бекер емес. Әулиеата жері – Қазақ хандығы алғаш ту тіккен киелі мекен. Қазіргі Қазақстан – сол тұғырлы мемлекеттің жарқын бейнесі. 20 жылдық белесті бағындырған еліміздің жүрегі Астана қаласы қазір әлемнің ең көркем шаһарларының біріне айналды.

Хабарламаларға жазылу