27-маусымнан бастап құқық қорғау органдары Астанада күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Сондай-ақ, вокзалдар мен әуежай және «Бәйтерек» монументі ерекше күзетіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінен хабарлады. Бұл шаралар қала күнін атап өткенге дейін, яғни 8-шілдеге дейін жалғасады. Жалпы, қаладағы қауіпсіздікті сақтауға 3500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылады. Оның 1200-ге жуығы Ұлттық ұлан жауынгерлері.
Игорь Лепеха, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
- 27-маусым мен 8-шілде аралығында мемлекеттік күзетке алынған нысандар мен ғимараттар ерекше күзетілетін болады. Қалаға рұқсат етлімеген көліктер кіріп кетпес үшін айналма жолдардың барлығына бекеттер қойылады. Вокзалдар мен әуежайда және халық көп жиналатын жерлерде қауіпсіздік күшейтіледі.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.