Бейбіт Құсанбек қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба қалдырған тележурналист - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Құсанбек қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба қалдырған тележурналист

19.03.2018

Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба, өшпес із қалдырған, қаламы қарымды, сөзі сүбелі тележурналистің бірі – Бейбіт Құсанбек еді. Ол 1962 жылы тамыз айының 12 жұлдызында ШҚО Ақсуат ауданына қарасты Кіндікті елді мекенінде өмірге келген.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және Мәскеу қаласындағы КСРО Мемлекеттік телерадио біліктілік көтеру институтының телекомментаторлар курсын бітірген. Алғаш еңбек жолын «Жастар» әдеби драмалық хабарлар редакциясында редактор, саяси шолушы болып бастаған. Кейіннен «Алатау» телеарнасының директоры, «Хабар» агенттігінде продюсер, тележүргізуші қызметтерін атқарды.

 

Әр жылдары «Арай», «Құрдастар», «Мұхиттың арғы жағы – Америка», «Омбыдағы қазақтар», «Жадыра», «Көкпар», «ХХ ғасырдың жиырма сәті», «Кездесу», «Үркер», «Ойталас», «Дәуірнама», «Тіл», «Дидар», «Ел ағалары», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» сынды т.б. хабарлары жарық көрді.

 

Сонымен қатар, репрессияға ұшырап, қайта ақталған арыстарымызға арналған «Халық зердесі» және өнер саңлақтары туралы жасаған «Алты арыс» бағдарламаасы әлі күнге ел есінде. Бейбіт Құсанбектің аймақтық, облыстық, республикалық телеарналарда бұдан басқа да көптеген авторлық  бағдарламалары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

 

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу