Президент журналист Бейсен Құранбектің қазасына көңіл айтып, жеделхат жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент журналист Бейсен Құранбектің қазасына көңіл айтып, жеделхат жолдады

18.05.2020

Алдымен қабырғамызды қайыстырған қаралы хабардан бастаймыз. Қазақ журналистикасы қарымды қалам иесі Бейсен Құранбектен айырылып қалды. Қара жамылған отбасы мен жақын туыстарына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты. «Бейсен Құранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасын қалыптастырған азамат еді. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, халықтың алғысын алды», - делінген жедел хатта. Әріптесіміздің мезгілсіз қазасына байланысты Ұлттық арнаның кешкі бағдарламалары аз-кем өзгереді. «Ақпараттан» соң Бейсен Құранбек жайлы естелік пен марқұм жүргізген мұқым жұрттың көзайымына айналған «Айтуға оңай» бағдарламасын көре аласыздар.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу