Қазақ телевизиясына - 60 жыл. Шерхан Мұртаза жүргізген «Ұлт пен сана» хабары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ телевизиясына - 60 жыл. Шерхан Мұртаза жүргізген «Ұлт пен сана» хабары

04.02.2018

Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза 1992-1994 жылдар аралығында «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы қызметін атқарды. Басты телеарнаның тізгінін ұстаған жазушының идеясымен бірқатар хабарлар эфирге шықты. Ақпаратты-сазды «Таңшолпан» бағдарламасы да сол уақытта ашылған болатын. Қаламгердің өзі де экран алдына шығып, ел зиялыларымен бірге қазақ елінің кешегісі мен бүгіні жайлы сөз қозғап, болашағына бағдар жасады. Бұл хабар «Ұлт және сана» деп аталды.

Ұлттық арна Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойына орай бағдарламаның «Ру қымбат па, ұлт қымбат па?» тақырыбында шыққан бір шығарылымын көрермен назарына ұсынады. Хабар қонақтары – қазақ халқының мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков пен жазушы Смағұл Елубай. Хабар таспаға 1993 жылы басылған.  Десе де, мұндағы айтылған пікірлер әлі де өзектілігін жоймай келеді.  

Хабар түйіні:

«Айналайын, ағайын! «Жеті атасын білмеген жетесіз, түп атасын білмеген тексіз», деген дана сөз. Бірақ, білетініңді жеке басыңа, алақандай ағайының үшін ғана пайдаланбай, бір рудың жоғын ғана жоқтап қоймай, ұлттың, күллі қазақтың қамын ойлағанда, біз өркениетті, мәдениетті елге айналамыз. Бәріміздің түбіміз бір. «Түбі бірге түртпейді, тегі бірге теппейді», деген бар. Ендеше, осы даналыққа тоқтайық».

Хабарламаларға жазылу