Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қабылдау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қабылдау өткізді

08.05.2014
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қабылдау өткізді
Отан қорғаушылар күні алыс-жақын шет мемлекеттерде де аталып өтті. Әскери салада берік байланыс орнатқан бауырлас Түрік елінің төрінде Елшілігіміз арнайы қабылдау өткізді. Оған Түркияның генералдары, әскери атташелер, дипломатиялық миссиялардың басшылары және әскери ұйымдардың жетекшілері қатысты.
 
Мәртебелі меймандарға Қазақ Қарулы Күштерінің әлеуеті туралы деректі фильм көрсетілді. Кейін қонақтар қазақтың ақ дастарханынан дәм татты. Бауырларымыз барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, ел қорғанысының берік болуын тіледі.
 
Исмаил Демир, Түркияның қорғаныс министрінің орынбасары:
Қазақстан мен Түркия - әскери салада тығыз байланыс орнатқан елдер. Біздің әскери ұйымдарымыз көптеген біріккен жобалар әзірлеуде. Сарбаздарымыз да тәжірибе алмастырып тұрады. Бұл - бауырлас мемлекеттердің бір-біріне деген сенімділігін көрсетеді. Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарымыз аман болсын.
 
Бақытжан ОМАРОВ 

Хабарламаларға жазылу