«Ақтөбе - батырлар мекені» атты қойылым көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбе - батырлар мекені» атты қойылым көрсетілді

09.05.2014
«Ақтөбе - батырлар мекені» атты қойылым көрсетілді
Әлия Таласова, тілші:
Жеңіс мерекесіне арналған шаралар бір мезгілде Ақтөбедегі 7 алаңында өтіп жатыр. Қала жұртшылығы бейбіт өмір үшін жанын пида еткен батырлар рухына тағзым етіп, «Мәңгілік алау» маңына жиналды.
 
ІІ Дүниежүзілік соғысқа Ақтөбе облысынан 127 мың азамат аттанып, 80 мыңдай жауынгер аман оралды. Қазір 221 ардагердің көзі тірі. Омырауы медаль мен ордендерге толы Сұлтан Досмұратов бейбітшіліктің оңай келмегенін айтады. 
 
Сұлтан Досмұратов, ардагер:
Қанша қан төгілді, қаншама өмір қиылды. Мұндай соғыс ешуақытта болмасын, бейбітшілік өмір болсын.
 
Әлия Таласова, тілші:
Жеңіс мерекесінде «Ақтөбе - батырлар мекені» атты қойылым көрсетілді. Ардагерлер бір сәтке соғысқа қайта үңілгендей болды. Ардагерлерге құрмет Ақтөбеде тек бір күн емес жыл бойы жалғасады. Ал, бүгінгі шаралардың қатары сиреген ардагерлер үшін орны бөлек.
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу