Анкарада «Генерал Ертаев» фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада «Генерал Ертаев» фильмі көрсетілді

07.05.2014
Анкарада  «Генерал Ертаев» фильмі көрсетілді
Ерлікке тағзым. Анкарада білім алып жатқан қазақ жастары  арнайы басқосу өткізді. Шара барысында режиссер Сатыбалды Текеевтің «Генерал Ертаев» атты деректі фильмі көрсетілді.
 
Жастар  Бақытжан Ертаевты басқа да қырынан танып-білуге мүмкіндік алды. Фильмде генералдың жастық шағынан бастап, осы күнге дейінгі өмірі қамтылған.
 
Балжан Сансызбай, студент:
Керемет әсерде болдық. Бізді патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде бұл фильмнің алатын орны өте ерекше. Анкарадағы қазақ жастары бірлестігіне алғысымды айтқым келеді.
 
Бақытжан ОМАРОВ

Хабарламаларға жазылу