«28 панфиловшы» фильмі прокатқа күзде шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«28 панфиловшы» фильмі прокатқа күзде шығады

06.06.2015
«28 панфиловшы» фильмі прокатқа күзде шығады

Ресейлік режиссер Андрей Шальопаның «28 панфиловшы» фильмі прокатқа алдағы күзде шығады. Бұл туралы Ресей Мәдениет министрі Владимир Мединский Федерация Кеңесіндегі баяндамасында мәлімдеді.

Ресейде Жеңістің 70 жылдығына орай «Битва за Севастополь», «А зори здесь тихие», «Молодая гвардия» және т.б фильмдер топтамасы көрсетілді. 

Күзде «28 панфиловшы» фильмінің премьерасы өтеді. Туындыны түсіру үшін бүгінге дейін ғаламтор арқылы көрермендерден 33 миллион рубльдан астам қаражат жиналды. Кейін фильмді түсіру ісі РФ Мәдениет министрлігі мен Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауын тапты», деді Владимир Мединский. 

Панфиловшылар - 1941 жылы Мәскеуді қорғауға қатысқан генерал Панфиловтың басқаруындағы 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері. Қиян-кескі ұрыстарда панфиловшылар немістердің 18 танкісін жойған. Ерліктері үшін оларға Кеңес одағының батыры атағы берілген.

Фильмде Қазақстан, Мәскеу, Санкт-Петербург және Украина актерлері ойнайды. 

Хабарламаларға жазылу