Депутаттар ауыл тұрғындарымен кездесті

11.01.2018

Экологиялық  ахуал, елді мекенді жарықтандыру және жер қатынастары бойынша қордаланған мәселелер ең алдымен шешімін табуы тиіс. Халық қалаулыларымен кездесуде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Восточное ауылы тұрғындары өзекті проблемаларды көтерді.

Депутаттар Шавхат Өтемісов пен Евгений Козлов Мәжілістің қазір атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндап, көптің көкейіндегі мәселелерді тыңдады. Жергілікті жұртшылықты өңірдің экологиялық ахуалы мен әлеуметтік мәселелер алаңдатады. Депутаттар ұсыныс-тілектерді тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, шешу жолдарын іздестіретіндігін айтты. 

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ауыл шаруашылық жерлерде ауыл шаруашылығымен айналысу үшін Жер кодексі мен Су кодексі нормалары бір-біріне қарсы келеді екен. Қазіргі жағдайда Парламент соның ішінде Мәжілісте жер қатынастарына қатысты нормалар енгізілуге арналған жоба қаралып жатыр. Бұл мәселені сол жобаны қарастырған кезде шешуге мүмкін болады. 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу