Атырау облысының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

30.06.2014
Атырау облысының әкімі  ауыл тұрғындарымен кездесті

Атырау облысының әкімі  Бақтықожа Ізмұхамбетов Исатай ауданында болды. Ол ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған өзекті мәселелерін тыңдады.

Жалпы, 25 мың халқы бар ауданда түйткілді мәселелердің біразы шешілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен көгілдір отын тартылып жатыр.

Ауылдың ішіндегі  жолдардың көбі асфальтталған. Алайда, әлі де  атқарылар шаралар шаш  етектен.

Мәселен,  ауылдықтар толықтай таза ауызсумен қамтамасыз етілмеген. Оған қоса, салынған жаңа мектептер мен балабақшалар, мәдениет ошақтары аздық етеді.

Олардың кейбірі ескірген. Аймақ басшысы, халыққа бұл мәселелердің барлығы уақытылы шешілетінін жеткізді.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:

Ғимараттың  салынғанына көп жыл өткен шығар. 3000 халық тұратын ауылға сән емес. Сондықтан, орынбасарларыма тапсырма, тез арада аудан әкімімен келісіп,  келесі жылы күн жылығанда,  мәдениет үйінің құрылысы басталатын болсын.

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу