Алматыда ғылымның заманауи бағыттарына арналған халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ғылымның заманауи бағыттарына арналған халықаралық конференция өтті

30.10.2017
Алматыда ғылымның заманауи бағыттарына арналған халықаралық конференция өтті

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде  «Білім мен ғылым дамуының химия, биология, экология және география бойынша заманауи бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараның мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы бастамаларды іске асыру аясында отандық ғалымдардың ұлағатты істерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Химия ғылымдарының докторы, профессор Е.Меңліғазиевтің 75 жылдық, химия ғылымдарының докторы, профессор Б.Жиембаевтың 70 жылдық мерейтойына орайластырылған жиынға қоғам қайраткерлері, еліміздегі ғылыми мекемелердің басшылары, отандық және шетелдік танымал ғалым-зерттеушілер қатысты.

Шараға қатысушылар «Қазіргі таңдағы химия және химиялық технологияның өзекті мәселелері», «Биология, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және экология салаларының инновациялық жетістіктері», «Географиялық ғылым және білім: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы» және «Инновациялық білім беру – педагогикалық шеберлікті  дамытудың  негізі» бағыттары бойынша тың ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты. 

Сондай-ақ, конференция аясында қазақстандық ізденушілердің ғылыми еңбектерінің көрмесі өткізіліп, ғалымдардың студенттерге арналған шеберлік сыныптары жүргізілді.

Конференцияға келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығару көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде еліміздегі ізденуші жастарға, ғылыми жұмыстармен айналысатын ғалымдар үшін маңызды теориялық және әдістемелік көмекші құралы болмақ.

Хабарламаларға жазылу