Рухани жаңғыру. Бірыңғай ақпараттық портал іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухани жаңғыру. Бірыңғай ақпараттық портал іске қосылды

15.09.2017

Енді баршаға ортақ ұлттық, тарихи, мәдени құндылықтар мен елге елеулі еңбек сіңірген нар тұлғалардың тізімін ruh.kz сайтынан көре аласыздар. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес қолға алынған жоба негізгі алты бөлімнен тұрады. Осыған дейін ұсынылған 2000-нан астам тұлғаның ел үшін еткен еңбегі екшеліп, жобаның алғашқы бөлімі «100 жаңа есім» тізіміне енгізілмек. Қазақстанның киелі жерлеріне арналған келесі бөлімде тек мазмұнды мәліметтер ғана беріліп қоймай, бейнеүзінділер мен фильмдер қосу жоспарланып отыр. «Заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы да тәуелсіздік жылдарындағы мәдени жетістіктерді жаһан жұртына паш етуді көздейді. Ал, өз өлкесін өркендетіп, қайырымдылық жасаған Атымтай жомарттар есімі «Туған жер» бөлімінде насихатталады. Осы бағыт бойынша 83 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Тағы бір айта кетерлік жайт, ақпараттық порталда латын қарпіне қатысты «кері байланыс» жүйесі енгізілген. Кез келген қазақстандық өзінің ұсыныс-пікірін жеткізе алады. Мұнымен қоса 100 кітапты өзге тілдерге аудару жұмыстары да қолға алынды.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу