Қазақстанда 1,5 мың сот орындаушы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1,5 мың сот орындаушы бар

20.04.2017

Қазақстанда мың жарым сот орындаушы бар. Өткен жылы олардың өндірісінде екі миллионнан артық іс болған.  Мәжілісте сот орындаушылар туындайтын проблемалар мен шешу жолдары талқыланды. Мамандар "бұл салада жүргізілген реформалар оң нәтиже берді", - дейді. Соңғы екі жылда сот орындаушыларының үстінен түскен арыз-шағым 24 пайызға азайыпты, дегенмен, сот орындаушылар әлі де заң бұзушылықтарға баратыны жасырын емес. Сондай-ақ, қылмыстық айыппұлдардың жартысынан астамы әлі күнге дейін өндірілмеген. Ал, алимент өндіру істері бойынша нақты статистика жоқ. "Кейбір аудандарда сот орындаушылар мүлдем жұмыс істемейді. Сондықтан да жүйелі шаралар қажет", - деп отыр депутаттар.

Сонымен қатар, бүгін төменгі палата өкілдері тілдерді дамыту мәселелерін талқылады. Депутаттардың айтуынша, Елбасы белгілеп берген рухани жаңғыру бағдарламасында тілдерді дамытудың маңызы ерекше. Осы мақсатта халыққа қолжетімді болу үшін биыл үш тілді портал іске қосылады.

ИНДИРА БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу