Халықтың тұрмысын жақсартуға қоғамдық кеңестер өз үлестерін қосуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың тұрмысын жақсартуға қоғамдық кеңестер өз үлестерін қосуда

04.10.2021

Қоғамдық кеңестер азаматтардың қордаланған проблемаларын талқылайтын ашық алаңға айналды. Халықпен өзара әрекеттесетін кеңестердің жұмысы Алматы мен Қостанай қалаларында жақсы жолға қойылған. Бұл туралы бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен қоғам белсенділерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды. Қазір елімізде 249 қоғамдық кеңес бар. Олардың жұмыстарын ширату үшін екі ай бұрын бірыңғай онлайн портал іске қосылды. Жалпы кеңес жұмысының белсенді жүруіне БАҚ өкілдері де өз үлестерін қосып отыр. Ол үшін азаматтар тарапынан келіп түскен шағымдардың орындалуына атсалысып отыруы керек. Әрі қоғамдық кеңестер өңірлердегі мәселелерді орталыққа жеткізбей, жергілікті жерде шешілуіне ықпал етуі тиіс.  

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

Дәстүрлі ақпарат көздерінің бірін қамту қиындау, бірақ мынандай бөлек өте белсенді портал болатын болса, оны жақсылап азаматтарға жеткізе білсек, бір гаджеттің ішінен кіріп, барлық мәселелерді көтере алатын жағдайға жететін болсақ, қоғамдық кеңестердің азаматтық мүдделерді қорғауда рөлі өте маңызды, өте зор.


Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу