Цифрлық технологияға көшу - уақыт талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық технологияға көшу - уақыт талабы

13.09.2017

Бүгінгі республикалық кеңестің жұмысынан кейін үлкен сең қозғалады. Еліміздің барлық саласында ІТ-технологияның жетістіктері кеңінен қолданылады. Бұл бағытта Үкімет алдында нақты жұмыстар белгіленді. Өйткені, цифрлық жүйеге көшу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін күшейтуге және ең бастысы, уақыт үнемдеуге болады. Қазір ақпараттық технология дамыған заманда және адамзаттың күнделікті тұтыну қажеттіліктері артқан заманда жаңа жүйеге өту - уақыт талабы. Қазақстанның бұл қадамын жоғары бағалаған көрші Ресей Үкіметі осы жобада бірлесіп жұмыс істеуге ынталы екендіктерін жеткізді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу