«Таңшолпан». Мәжіліс депуты Сауытбек Абдрахман: Латын қарпіне көшу түрлі жеңілдіктерге жол ашады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мәжіліс депуты Сауытбек Абдрахман: Латын қарпіне көшу түрлі жеңілдіктерге жол ашады (ВИДЕО)

09.10.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депуты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахман бағдарлама қонағы болды.

«Латын қарпіне көшу – уақыт талабы. Біз уақытқа бейімделетін, бәсекеге қабілетті кезеңде өмір сүргіміз келсе, уақыт талабына жауап беруіміз керек. Ал, уақыт талабы – латын қарпіне көшу. Бұл жол көрші елдердің жолы.

Егер біз өтпелі кезеңде кириллицадан бас тартатын болсақ, онда біз соңғы 80 жыл ішінде жасалған байлықтан айырылып қаламыз. Мысалы, өзбек ағайындардың жас ұрпақтары сондай кезеңнен өтіп отыр. Белгілі өтпелі кезеңде латынмен қатар кириллица да қолданылуы тиіс. Әйтпесе, біз мыңдаған кітаптарды латын қарпіне басуға мәжбүр боламыз. Ол мүмкін емес. Белгілі уақыт аралығы керек.

Бекітілген қаріп жоқ. Қазір ұсынылған нұсқалар талқылануда. Таяудағы екі жыл латын қарпінің нұсқасын жасауға жұмсалады. Латын қарпіне көшу түрлі жеңілдіктерге жол ашады»,- дейді депутат.

 

Хабарламаларға жазылу