Алматыда ҚМДБ ұйымдастыруымен қазақша күрестен республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ҚМДБ ұйымдастыруымен қазақша күрестен республикалық турнир өтті

22.05.2017

Жарысты ұйымдастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Онда еліміздің барлық өңірінен іріктеліп алынған 59 палуан белдесті. Бірақ, бұл жолы жастар арасында жаңа есімдерді анықтау үшін «Қазақстан барысына» қатысқан бозкілем шеберлері шақырылмады. Белдесуде бірінші орынды Қостанайлық спорт шебері Қосмағанбет Дәулетхан, екінші орынды атыраулық Төлешов Мәлік иеленді. Ал, жеңіс тұғырының үшінші жүлдесі Солтүстік Қазақстан облысынан келген Нұрғожин Дәуреннің еншісіне тиді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу