ШҚО-да ауыл азаматтарының қолдауымен стадион ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ауыл азаматтарының қолдауымен стадион ашылды

22.08.2017

Шығыстағы Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуатта 2 мың орынға арналған ашық стадион қолданысқа берілді. Спорттың бірнеше түрімен айналысуға мүмкіндік беретін нысанды салуға өңірден шыққан іскер азаматтар мен түрлі кәсіпорын-мекеме ұжымдары, тіпті қарапайым халық та атсалысқан. Осылайша, ақсуаттықтар туған жердің көркеюі мен қарыштап дамуына үлес қосуда. Мұндай патриоттық сезімді қалыптастыру мен нығайту Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында кеңінен айтылған. Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті іспен дәлелдеуге тырысқан ауылдағы ағайын туралы тілші Дарын Сағитов баяндайды.

 

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу