Токиода Паралимпиада ойындары отшашумен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиода Паралимпиада ойындары отшашумен ашылды

25.08.2021

Токиода 2020 жылғы Паралимпиада  ойындары салтанатты түрде отшашумен ашылды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл шараға 3400 делегация мүшесі, 800 құрметті қонақ және бұқаралық ақпарат құралдарының 2400 өкілі қатысқан.

Пиротехникалық шоуды тамашалап, суретке түсіру үшін стадион сыртына ондаған адам жиналды.

Олимпиада ойындары секілді Паралимпиаданың ашылуы да көрермендерсіз өтті. Жалпы, қыркүйектің 5-де аяқталатын спорттық турнирлер кезінде стадиондар бос болады. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу