1991 жыл - Тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталған жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1991 жыл - Тәуелсіз Қазақстанның тарихы басталған жыл

16.12.2017

Егемендікпен қатар, еліміздің игілігі үшін сол жылы бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Атап айтсақ, 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің Жарлығымен прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1991 жылдың 2-қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері  Тоқтар Әубәкіров  Байқоңырдан «Союз ТМ-13»  кемесімен ғарышқа ұшты. Арада екі апта уақыт өткен соң  «Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды. Ал, 1991 жылдың 17-желтоқсаны Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңғыру күні болып жарияланды. Тағы бір маңызды оқиға – сол жылдың 21-желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген 11 Тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы декларацияға қол қойды. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу