Қазақстан мен астанамыздың өркендеу тарихын баяндайтын жаңа жоба таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен астанамыздың өркендеу тарихын баяндайтын жаңа жоба таныстырылды

02.04.2019

Бүгін «Астана – Нұр-Сұлтан» жобасы таныстырылды. Ол - тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап елорданың жаңа атына ие болуына дейінгі тарихын баяндайтын бастама. Ерекшелігі - әдеттегідей мәтін немесе бейнефильм емес, жаңашыл үлгідегі, мультимедиалық әмбебап формат. Веб-деректі жобада қазақ елінің барлық негізгі оқиғалары бейнеленген. Ел тарихы хронологиялық ретпен, қарапайым сөздермен түсіндіріледі. 1991 жылдан 2019 жылға дейінгі оқиғалар мұрағаттық фото, видеолар арқылы көрсетілген. Бастысы, мәлімет көзі жас буынға барынша ыңғайлы.

Думан Қожахметов, жоба жетекшісі:

- Бұл жаңа формат жүйелігімен ерекшелінеді. Екіншіден, қысқа және нұсқа деректер.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу