Мамандандырылған күзет қызметінің орталық мұражайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандандырылған күзет қызметінің орталық мұражайы ашылды

15.12.2017

Тәуелсіздік күні мен күзет құрылымының 65 жылдығына орайластырылған салтанатты шарада жаңа нысан алғашқы қонақтарын қабылдады. Жиын барысында үздік қызметімен көзге түскендер арнайы марапаттарға ие болды. Мұражайда қызметкерлердің әр кезеңде болған киім формалары, байланыс құралдары, техникасы мен қару-жарақтары көрме сөрелеріне қойылған. Сондай-ақ, түрлі уақытта саланы басқарған қызметкерлер туралы ақпарат та бар. 

Нұрболат Сүйіндіков, Күзет қызметі бақылау басқармасының бастығы:

- Бұл тірнектеп жиналған нәрсе сол кезде қолданылған. Күзет қызметін басқарған басшылардың да, алған генералдардың да берген заттары. Соларды алып келіп мұражайға, жан жақтан, облыстың, Республиканың әр облысынан жиналған заттар. Әлі де болса бұл музейді кеңейтеміз деген ойдамыз.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу