Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі Грекияда тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі Грекияда тойланды

12.12.2017

Еліміздің Грекиядағы елшілігі Тәуелсіздік мерекесіне және Қазақстан мен Грекияның дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай Афинада қабылдау өткізді. Еліміздің осы мемлекеттегі елшісі Алексей Волков жиналғандарға Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктерін, елдегі соңғы реформалар мен тың бағдарламалар жайлы баяндады. Артынша, екіжақты қатынасты дамытуға қомақты үлес қосқан Грекияның бас прокурорына, «Қазақстан-Грекия» парламентаралық достық тобының тең төрағасына Сыртқы істер министрлігінің мерейтойлы медалін табыстады. Дәл осындай төсбелгіге Эллада елінің Қазақстандағы бұрынғы елшісі мен Грекияның опера әншісі Елена Келисиди ие болды. Шараның ресми бөлімінен соң қонақтар мерекелік концертті тамашалады. Елшіліктің қолдауымен құрылған Қазақ-грек мәдени орталығының мүшелері тұңғыш рет қазақ күйлерін понтиялық нақышта орындады.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу