«Айман-Шолпан» телехикаясының түсірілімі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айман-Шолпан» телехикаясының түсірілімі басталды

19.05.2016
«Айман-Шолпан» телехикаясының түсірілімі басталды

«Айман-Шолпан» атты телехикаяның түсірілімі басталды. Іске кірісу алдында киногерлер тәрелке сындыру ырымын жасады.  «Айман-Шолпан» телехикаясы – егіз қыздың тағдыры туралы.

«Өзіңізден аумайтын адамды елестетіп көріңізші. Мұндай жағдайда не істейсіз? Біздің телехикаяда басты кейіпкер ойда-жоқта өзіне қатты ұқсайтын қызбен кездесіп қалады. Әрі қарай шым-шытырық оқиғалар басталады. Фильмде қылмыс та, арам ақша да, астыртын әрекеттер де бар. Әлбетте, туындыда махаббатқа көп көңіл бөлінген»,-дейді «Көркемфильм» кинокомпаниясының бас продюсері Рустам Азаматов.

Фильмге егіз қызды табу оңайға соқпады. Жоба жетекшілері бүкіл республикаға кастинг жариялаған. Кастингте 20-30 жас аралығындағы 73 жұп бақ сынап көрді. Тіпті, Ұлыбритания мен Татарстаннан да үміткерлер қатысты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу