Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясына барды

26.10.2022

Ел президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясына барды. Қойылым Мұхтар Әуезовтің 1956 жылы жазылған шығармасының екінші нұсқасы негізінде сахналанған. Жас театр ұлттық ойындар мен хореография, халық әндерін ұштастырып, спектакльдің көркемдік тұтастығын сақтаған. Жұлдызбек Жұманбай режисерлігімен сахналанған шығармаға көптен баруды жоспарлап жүрген кандидат жарын және штаб мүшелерін де ерте барды. Ол жерде алматылық театр өкілдерімен тілдесіп, мәдени ортадағы достарымен пікір алмасты.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

Уақыт тығыз, уақыт аз. Осындай кезде уақыт тауып келіп жатырмын. Достарым бар әріптестерім бар. Біздің бастамашылық тобымыздың мүшелері бар. Қызығушылық білдіремін. Жас театр деп естідім.

Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу