Гюстав Эйфельдің ұрпағы Астанаға келді

01.09.2017

Франция революциясының 100 жылдығына арнап халықаралық «ЭКСПО»-ның басты нысаны ретінде салынған Эйфель мұнарасы бүгінде Париж символына айналды. Оның конструкциясын жасауға 30-ақ инженер қатысып, салмағы 700 тонналық мұнара бой көтерген. Осындай керемет сәулет өнерінің авторы – француз инженері Гюстав Эйфель екені белгілі. 1889 жылы небәрі екі айдың ішінде салынған мұнара шығынын Эйфель өз қаржысынан төлеген. Есесіне мұнараны басқару құқығын алады. Осылайша, дарынды инженер Эйфель ұрпақтарына мәңгі жететін бизнес қалыптастырып берді. Бүгін Астанаға арнайы келген Эйфельдің шөбересі Филипп Куперье-Эйфель көрме қонақтарымен кездесіп, атасы туралы осындай қызық мәліметтермен бөлісті.

 

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу