Джеки Чан Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джеки Чан Астанаға келді

06.06.2017
Джеки Чан Астанаға келді

Әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам Джеки Чан бүгін алғаш рет Астанаға келді. 

Ол 7 маусымда Қазақстандағы Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанатына қатысады.  Шара  «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында өтеді.

Шараның басты ұйымдастырушылары  - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы. 

Айта кету керек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады.

Видео осы жерден көре аласыздар

Хабарламаларға жазылу