Үндістанның этникалық би топтары Астанада. «ЭКСПО» көрмесі аясында Үндістанның Гуджарат штатынан келген бишілері өнер көрсетті. Олар кеш бойы көрме қонақтарына халық билерінің үлгілерін көрсетіп, тамаша көңіл-күй сыйлады. Көрермендер әсіресе, «гарбо» биін ерекше ықыласпен қабылдады. Себебі, ол жарық лампаларының айналасында орындалады. Сондай-ақ, «гарбо» биін Шакти Құдайы суреттерінің жанында билеу қажет. Бидің бұл түрі әдетте, Үндістанда тоғыз күнге созылатын Навратри фестивалі кезінде танымал.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ