«ЭКСПО» көрмесі аясында Батыс Африкада орналасқан Сенегал Республикасы ұлттық күнін атап өтті. Шараға Сенегал секциясының комиссары, Қазақстан спорт және туризм комитетінің төрағасы мен өзге де делегациялар қатысты. Кеште осы мемлекеттен келген «Сафари» тобы кора, джамбе және балафон атты ұлттық аспаптармен өнер көрсетті. Сенегал Республикасы дамуының басты бағыттарының бірі – энергетикалық тәуелсіз ел болу. Сондықтан, 2035 жылға дейін дамушы елдер қатарына кіруді жоспарлауда. Ал, елдің «ЭКСПО»-дағы экспозициясы Африка Плазасында ұсынылған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ