Бүгін - Ұлттық Ұлан күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Ұлттық Ұлан күні

10.01.2020

Мерекеге тұспа-тұс еліміздің әр түкпірінде сарбаздар ант қабылдады. 

Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген 400-ге тарта азамат еліне адал қызмет етуге серт берді. Ант қабылдаған сарбаздар еліміздің әр түкпірінен келген жалынды жастар. Олар арнайы рәсімнен соң әскери шеру тартты. «Ұлттық ұлан» қатарына алынған жауынгерлер енді 1 жыл бойы елдің тыныштығы жолында қызмет атқарады. Сарбаздарға жүктелер міндет аз емес. Темірдей тәртіп әрбір азаматты шыңдай түсері анық. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу